Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарды педагогикалық қолдау: «Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбындағы аудандық семинар

19
қаңтар
2024

Ата-аналарды педагогикалық қолдау: «Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбындағы аудандық семинар

  Алматы қаласы, Бостандық ауданына қарасты №81 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жоламанова Жансая Садуакасовна, Усенова Айгул Курбаналикызының ұйымдастыруымен, мектеп директоры Акылбекова Алия Бакбергеновнаның бастауымен 2024 жылы, қаңтардың 16-шы жұлдызында Оқу ағарту министрлігінің «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау: «Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға Бостандық ауданы білім бөлімі басшысы, Бостандық ауданы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар және БАҚ өкілдері шақырылды. Семинарда аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен осы бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті.
Семинардың мақсаты: Еліміздегі отбасылық тәрбие мазмұнындағы ұлттық құндылықтар мәселесін өмірде қолданудың мәні мен маңызын ашу, өмірлік жағдаяттарды шешудің ұлттық ерекшеліктерін қарастыру және оны көпшілік пікірлерімен пайымдау. Оқу ағарту министрлігінің «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстармен тәжірибе алмасу.
https://www.instagram.com/reel/C2PytRDCzpu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: