Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбында аудандық семинар

16
қаңтар
2024

«Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбында аудандық семинар

Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау: «Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбында аудандық семинар өтеді.
Өтілетін күні, уақыты: 16 қаңтар, 2024 жыл, сағат 17.00
Қатысушылар: Бостандық ауданы білім бөлімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар және БАҚ өкілдері.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Бұхар жырау көшесі,38
«Алматы қаласы білім басқармасы» КММ, №81 мектеп-гимназия КММ, мәжіліс залы

Мақсаты: Еліміздегі отбасылық тәрбие мазмұнындағы ұлттық құндылықтар мәселесін өмірде қолданудың мәні мен маңызын ашу, өмірлік жағдаяттарды шешудің ұлттық ерекшеліктерін қарастыру және оны көпшілік пікірлерімен пайымдау.
Күтілетін нәтиже:
Ұлттық құндылықтар жүйесі мен жіктелімдерін нақты түсінеді және құнсызданудың себеп-салдарын анықтай отырып, оны қалпына келтірудегі отбасында жағдаяттарды шешуде ата-аналардың міндеттерін сезінеді.
•Қазақстан жағдайындағы ұлттық және отбасылық құндылықтардың сақталуын насихаттаудың заманауи ресурстарын дайындай алады.

Бірінші бөлімде ата-аналармен коучинг жүргізіледі, спикерлер:
Дүйсенова Салтанат Слановна- №81 мектеп-гимназия «Қамқоршылық кеңесі» комитеті төрайымы
«Саналы ата-ана-бақытты бала» тақырыбында коучинг,
Сағат: 17:00-17:15
Женсикбаева Алма Сериковна- №81мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі, бірлестік жетекшісі;
«Ата-аналарды отбасында оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын дұрыс тәрбиелеуге бағыттау» тақырыбында коучинг, сағат 17:15-17.30
«Даналық мектебі» клубының практикалық жұмыстары
“Даналық мектебі»
клубының практикалық жұмысы

1. «Әжелер мектебі»
«Жент – ұлттық дәм»
шеберлік сабағы
Бастауыш сынып мұғалімі
З.Е Тажибаева
Мектеп асханасы
2. «Жеңгелер мектебі»
«Сәукеле сәнім»
шеберлік сабағы
№ 7 кабинет
Көркем еңбек мұғалімі
А.Т Тойлыбаева
3. «Аталар мектебі»
«Жеті қазынаны жетік біл!» әңгімелесу
Мектеп кітапханасы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
С.Е Есенгелдиев
4. «Ағалар мектебі» «Тоғызқұмалақ – ұлттық мұра»
Дене шынықтыру мұғалімдері
Спорт залы
5. Қорытынды
Кері байланыс
Мәжіліс залы

Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Жоламанова Ж.С., Усенова А.К. https://www.instagram.com/p/C2H13c9iKoh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: