Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «CodiPlay жобасы – мектеп қабырғасында болашақ IT мамандарын даярлаудың алғашқы баспалдағы» тақырыбындағы семинар

15
қаңтар
2024

«CodiPlay жобасы – мектеп қабырғасында болашақ IT мамандарын даярлаудың алғашқы баспалдағы» тақырыбындағы семинар

  Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №81 мектеп-гимназиясында 2024 жылы, қаңтардың 15-ші жұлдызында «CodiPlay жобасы – мектеп қабырғасында болашақ IT мамандарын даярлаудың алғашқы баспалдағы» тақырыбында CodiPlay жобасы арқылы IT-білімді оқушылар мен мұғалімдерге қолжетімді ету мақсатында семинар өтті.
Семинарға Бостандық ауданы, Білім бөлімі басшылары, Корей елінің қонақтары, информатика пәнінің қалалық әдіскері, аудан мектептерінің информатика мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинардың мақсаты CodiPlay жобасы арқылы IT-білімді оқушылар мен мұғалімдерге қолжетімді ету, мектеп оқушыларына смартфонның көмегімен ойынға негізделген бағдарламалауды үйрету,и оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуға баулу, оқушылардың әртүрлі IT жобалар жасауға деген құштарлығын ояту, оқушылардың техникалық саладағы құзыреттілігін арттыру және болашақта кәсіби маман болып қалыптасуларына жағдай жасау.
Семинар екі бөлімде өтті. Теориялық бөлімде №81 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімдері Б.Абдирова, С.Сейітхан «CodiPlay» жобасы арқылы мектеп қабырғасында қалай болашақ IT мамандарын даярлауға болатын әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, оқушылармен жүргізілген жұмыстарымен таныстырды. Техникалық құзіреттілігін арттыру мақсатында Корей еліне барып келген іс тәжірибелері бойынша аудан мектептерінің мұғалімдерімен бөлісті.
Екінші бөлімде семинар қонақтары мектеп-гимназия оқушыларының «CodiPlay» жобасы аясында алған білімдерін практикалық тұрғыда тамашалады. Оқушылар «CodiPlay» жобасы бойынша жасаған жұмыстарын көрсетті. Келген қонақтар практикалық сабақтан «CodiPlay» жобасының оқушылардың техникалық құзіреттілігін арттыруда тиімділігін түсінді. IT-білімінің қолжетімділігіне мүмкіндік туғызатын платформа ретінде баға берді. «CodiPlay» жобасына деген қызығушылықтары артты. https://www.instagram.com/reel/C2Ko78eiKJJ/?https://www.instagram.com/reel/C2Ko78eiKJJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: