Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «CodiPlay жобасы – мектеп қабырғасында болашақ IT мамандарын даярлаудың алғашқы баспалдағы» тақырыбындағы семинар

15
қаңтар
2024

«CodiPlay жобасы – мектеп қабырғасында болашақ IT мамандарын даярлаудың алғашқы баспалдағы» тақырыбындағы семинар

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №81 мектеп-гимназиясында 2024 жылы, қаңтардың 15-ші жұлдызында, сағат 10:30-де «CodiPlay жобасы – мектеп қабырғасында болашақ IT мамандарын даярлаудың алғашқы баспалдағы» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
-CodiPlay жобасы арқылы IT-білімді оқушылар мен мұғалімдерге қолжетімді ету;
-Мектеп оқушыларына смартфонның көмегімен ойынға негізделген бағдарламалауды үйрету;
-Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуға баулу;
-Оқушылардың әртүрлі IT жобалар жасауға деген құштарлығын ояту;
-Оқушылардың техникалық саладағы құзыреттілігін арттыру және болашақта кәсіби маман болып қалыптасуларына жағдай жасау;
-Пән мұғалімдерінің техникалық дағдыларын жетілдіру;

  Семинарға Бостандық ауданы, Білім бөлімі басшысы А.Касымбек, Оңтүстік Кореядан “CodiPlay” компаниясының өкілдері, информатика пәнінің қалалық әдіскері, аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Бағдарламасы:
10.00-10.30 Қатысушыларды тіркеу
10.30-10-35 Семинардың ашылуына алғы сөз – Қасымбек Айгүл Жұмабековна - Алматы қаласы, Бостандық ауданының білім бөлімінің басшысы;
10.35-10.45 Семинардың мақсат-міндетімен таныстыру- Абдирова Бекзат Тилеубаевна Алматы қаласы, Бостандық ауданы №81 мектеп-гимназия КММ информатика пәні мұғалімі;
10.45-10.55 «CodiPlay» жобасы туралы. Информатика ғылымдарының магистрі Турумбетов Нурғали Асанұлы
10.55-11.05 «CodiPlay жобасы – мектеп қабырғасында болашақ
IT мамандарын даярлаудың алғашқы баспалдағы» Абдирова Бекзат Тилеубаевна Алматы қаласы, Бостандық ауданы №81 мектеп-гимназия КММ информатика пәні мұғалімі;
11.05-11.15 «Оқушылардың техникалық саладағы құзіреттілігін арттыру арқылы алған білімдерін іс жүзінде қолдануға баулу» корея еліндегі іс тәжірибесімен бөлісу. Сейітхан Сая Сейітханқызы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы №81 мектеп-гимназия КММ информатика пәні мұғалімі;
11.15-12.15 Оқушылардың «CodiPlay» жобасы бойынша жасалған жұмыс нәтижелерін көрсету.
12.15-13.00 Қорытынды, кері байланыс.
@81_school_gymnasium 
https://www.instagram.com/reel/C2NQRn7C-Si/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: