Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

18
мамыр
2023

«PEDSYNYP хабаршысы» журналы

   2022-2023 оқу жылы басында Абай университеті ректоры Д.Нұрланұлының бастауымен мектеп директоры Н. Асанұлының келісімен мектеп пен университет арасындағы серіктестік негізінде «Педагогикалық сынып» жобасы жұмысын бастады. Жоба аясында ұстаздық жолды таңдаған шәкірттеріміз жыл бойы педагогикалық сыныпта оқып, жұмыстар жүргізіп, шараларға белсенді қатысты. Жоба барысында «PEDSYNYP хабаршысы» журналы жарыққа шықты. Журналда атқарылған барлық іс-шаралар тізбектеліп, жобаға қатысып жатқан шәкірттеріміздің барша еңбектері жарық көрген. Саналы түрде ағартушылық жолды таңдаған шәкірттеріміздің жыл бойы атқарған жұмыстарымен танысып, ұшқыр идеяларына ой жүгіртуге болады.
ЖОО мен орта білім арасындағы сенімді серіктестігіміз одан ары қарай нығая берсін.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: