Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абай атындағы КазҰПУ-да “Педагогикалық сынып” жобасының жарты жылдық есебі

22
желтоқсан
2022

Абай атындағы КазҰПУ-да “Педагогикалық сынып” жобасының жарты жылдық есебі

22.12.2022 күні, Абай атындағы КазҰПУ-да “Педагогикалық сынып” жобасының жартыжылдық есебі бойынша педагогикалық сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Iс-шараға жоба идеясының авторы, ректор Дархан Біләлов, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков, №81 мектеп-гимназиясының директоры Нұрғали Тұрымбетов және республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Ержан Өмірханов, жоба жетекшісі, профессор Бауыржан Сайдахметов, Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының және​ И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп өкілдері (50 оқушы) қатысты.
Іс-шара барысында 4 мектептің педагогикалық сынып оқушылары өз жобаларын ұсынып, педагог тұжырымдамасын талқылады, педагогикалық сынып туралы өз әсерлерімен бөлісті, педагог мамандығы туралы өз пікірлерін білдірді. Алты ай ішінде алған дағдыларын қолдана отырып, олар икигай, рефлексия, кері байланыс және педагог стилі туралы түсініктерді талдап, заманауи мұғалімнің жаңа тенденциялардағы келбетін анықтап, оны өз бойында сезінді. Болашақ педагогтар университет басшылығына және жоба жетекшісі Бауыржан Сайдахметовке алғыстарын білдірді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: