Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

26
қараша
2022

Буллингтен өзіңді қалай қорғауға болады?

   26.11.2022 күні, 7 "Ә" сынып оқушылары мен ата-аналарымен мектебіміздің белсенді ата-анасы, Алматы
қаласының нотариусы Гульшат Омирсериковна қазіргі таңда қоғамдағы күрделі мәселе болып тұрған "Буллинг дегеніміз не?, Буллингтен өзіңді қалай қорғауға болады?, Буллинг: Бұл жанжал ма, жоқ па? Айырмашылықтары бар ма" тақырыптар бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: ата-аналар мен оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Өзін буллингтен қорғау жолдарын көрсету.
Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар:
🔰 "Қыздыру" эстафеталық ойыны, сергіту
🔰 Сынып ережесін құру. Топтық жұмыс. Ашық ойын айту.ү
🔰 "Арал" ойыны. Ситуациялық жағдайдан шығу. Топ ережесін құрып үйрену. Посттер қорғау.
🔰 Буллинг дегеніміз не? Буллинг жанжал па, жоқ па? Айырмашылықтарын түсіндіру. Құқықтық сауаттылықты арттыру.
🔰Кофе -брейк.
Ата-аналар және оқушылармен сенбі күні уақытын арнап дөңгелек үстел өткізген ата-анамыз Гульшат Омирсерковнаға алғыс білдіреміз. Іс шараға директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Усенова және сынып жетекшісі А.Садыкова қатысты.

Буллинг – адам психологиясын бұзып, күйзеліске, жан дағдарысына әкелетін әрекет. Бұл проблеманың алдын алу үшін қоғамның барлық мүшесі үнсіз қалмауы қажет. Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ. Буллингтің не екенін және неге апаратынын білген адам еш уақытта буллинг жасамайды.
@s_aliya2010
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: