Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

24
қараша
2021

“Қоршаған ортаның сапасы” тақырыбынағы ашық сабақ

   11 “А” және 11 “Ә” сыныптарында География пәнінен “Қоршаған ортаның сапасы” тақырыбына ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа арнайы Түркияның Эскишехир Османгази университетінің Білім факультетінің толық мүшесі, Халықаралық профессор, доктор Eyup Arttvintli қонақ болып келді. Сабаққа сондай-ақ, мектеп директоры Турумбетов Н.А., директордың оқу-ісі орынбасарлары Байтуганова Б.А., Альпенова Д.М., география пәні мұғалімі Аширбекова Ш. және т.б. ұстаздар қатысты.
   Сабақты география пәні мұғалімі Амангелді Ө. АКТ қолдану арқылы оқыту, проблемалық оқыту, топқа бөліну әдісі, кіріктірілген оқыту, жобалау, ойын әдістерін пайдаланып жүргізді.
   Оқушылар қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде өздерінің үйден дайындаған жұмыстарын баяндады. Сабақтың ортасында оқушылар топтық жұмыс жасап, модель құрастырып қорғап шықты.
   Сабақтың соңында мұғалім Рефлексия қағазын әр оқушыға таратып, сабақтың қалай өткені және өзін-өзі бағалау әдісін қолданды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: