05
наурыз
2021
Онлайн білім беру өсу ме, өшу ме? Инстограм желісіндегі педагог - тренер Ескендір Бестаймен онлайн-кездесу.
05.03.2021 ж. күні "Онлайн білім беру өсу ме, өшу ме?" тақырыбында инстограм желісінде педагог - тренер Ескендір Бестаймен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат барысында бүгінгі таңның өзекті мәселелері өткір қозғалып, онлай оқудың олқылықтары мен басым тұстары талқыланып өтті. Сұхбатқа мектеп ұстаздары, ата-аналар және шәкірттеріміз де қатысып өздерінің ойларында мазалап жүрген біраз сұрақтарға жауап алып, алғыстарын да білдіріп жатты. Ескендір мырза туындаған мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, кеңестерімен бөлісті. Кесздесу соңында "Карантингше байланысты баламыздың өз бетімен онлайн оқуын оңай ұйымдастырудың 9 қадамы" нұсқаулығын көрерменге ұсынды. Өткізілген онлайн-кездесу көпшілікке ой тастап, ойландыратын нағыз қажетті сұхбат болды деп ойлаймыз. Алдағы уақытта Ескендір Бестай мырзаға тек шығармашылық табыс тілейміз.