Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен ережелері” сынып сағаты

09
сәуір
2024

"Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен ережелері” сынып сағаты

09.04.2024 күні, табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында 8 -11 сыныптарда  “ Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен ережелері” тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Су тасқыны туралы түсінік беру, одан қорғану, көмек беру жолдарын меңгерту;
Су тасқынына қалай дайындалу керек

Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.

Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.

Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек

Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының қызығушылығын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Жер бетіндегі және жер астындағы суды тиімді пайдалануға, суды ластамай, қорғауға баулу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тәртіплікікке, ұқыптылыққа, сабырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/C5hut3DCN0X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C5hvgIcC1RB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C5hw3r3ixHp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C5h8eQUio1O/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C5h9LKJC68P/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C5iI5uxiKY_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: