Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

26
қыркүйек
2023

«Өзіңді туберкулезден қорға!» дәріс

   26.09.2023 күні, Туберкулездің алдын алу мақсатында «Өзіңді туберкулезден қорға!» тақырыбында 7-сыныптар арасында мектеп медбикесі А.Асатова мектеп әкімшілігінің қатысуымен дәріс өткізді.Дәріс барысында туберкулезге шалдығуға ықпал ететін факторлар:
дұрыс тамақтанбау,туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз, ұзақ қарым-қатынаста болу, маскүнемдік, шылымқорлық, нашақорлық, қосалқы аурулардың (қант диабеті, асқазан жарасы, созылмалы өкпе ауруы) болуы туралы мәліметтер айтылды. Оқушылар салауатты өмір салты тазалықтан басталатынын, қолды жуу, тістерді тазалау, душ қабылдау, сабынмен және жөкемен жуыну, аяқ киім мен киімдерді тазалау, үй-жайды желдету, пәтерде үнемі ылғалды тазалау, өз ауласын таза ұстау, қоқыс жәшіктерінің жанынан қоқыс тастамау, дұрыс тамақтану-салауатты өмір салтының негізі екенін ұғынды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: