31
шілде
2024
“Балақайлар мектебі» ұйымдастырылады
Қымбатты, болашақ 1- сынып ата-аналары!
2024-2025 оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына 05.08.2024 бастап, Оқу ағарту министрлігінің Қазақстанда бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде “Балақайлар мектебі» ұйымдастырылады. Мақсаты: бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру.
📚Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.
📚«Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында мектептерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бағдарлама бойынша оқыту 1 айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді»
📚Қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетеді, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.