Ғұмырдария -2021. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Көрме жеңімпаздары » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » » Ғұмырдария -2021. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Көрме жеңімпаздары

04
февраль
2021

Ғұмырдария -2021. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Көрме жеңімпаздары

Ғұмырдария -2021

   Өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ балалардың сурет шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету мақсатында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» байқауы ұйымдастырылды. 25-30 январь аралыңында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтан ұйымдастырылған өнер байқауына бейнелеу өнері бойынша № 81 мектеп оқушылары да қатысты. «Әрбір сурет өзінше ерекше, өзінің берер мағынасы бар және ерекше махаббатпен салынған, балалардың жұмыстарынан олардың таңдап алынған тақырыпқа деген ерекше көзқарастары байқалады. Бұл конкурс балалардың армандары мен қиялының шексіз екенін көрсетіп отыр. Олардың жұмыстарындағы тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан көрініс тапқан.
   Көрмеге қатысқан оқушыларымыз І, ІІ, ІІІ орынды жеңіп алып, мектебіміздің мәртебесін тағы да асқақтата түсті. Өнерлі оқушыларымызға алғыс айтып, сәттілік тілейміз.
            

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: