«Жігіт сұлтаны-2024” сайысы » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих

17
январь
2024

«Жігіт сұлтаны-2024” сайысы

17.01.2024 күні, 81 мектеп-гимназиясында 9-10 сыныптар арасында мектепішілік «Жігіт сұлтаны-2024” сайысы өтті.
Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу.
Міндеттері:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, тілі мен мәдениетін, тарихын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Байқау кезеңдері:
1. «Тегімді менің сұрасаң» - өз-өзін таныстыру кезеңі.
2. «Талапты ерге нұр жауар» - өз өнерін көрсету кезеңі.
3. «Күш атасын танымас» - спорттық сайыс кезеңі. (Қол күрес)
4. «Еңселі ер – ел қорғаны» - Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру кезеңі.
5. «Шешен жігіт сөз бастар» - сұрақ-жауап (қазақ халқының салт-дәстүрлері, этнография, мәдениет, тіл мен тарихқа байланысты).
Байқауға 7 оқушы қатысты.
⚜️ Бас жүлде ———- 10 “А” сынып оқушысы Жұмақан Айбын, аудандық кезеңге жолдама алды.
⚜️Бірінші орын——Жүрсінбай Айбол,
⚜️Екінші орын—— Рақыжан Рамет және Бехниа Мослем
⚜️ Үшінші орын Батырбекұлы Сырым мен Нұрберген Рауан
Төрешілер: алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Н.Т Корганбеков, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Байтуганова тарих пәні мұғалімі С.С Сейітхан информатика пә
ні мұғалімі М.Б Бейсенов
Ұйымдастырушы: аға тәлімгер Ауган Ы.У.
https://www.instagram.com/p/C2Q8sdkiM1w/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C2Q6oPDCS-W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: