«Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбында аудандық семинар-практикум » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих
» » » «Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбында аудандық семинар-практикум

16
январь
2024

«Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбында аудандық семинар-практикум

  Алматы қаласы, Бостандық ауданына қарасты Школа-гимназия №81сында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жоламанова Жансая Садуакасовна, Усенова Айгул Курбаналикызының ұйымдастыруымен, мектеп директоры Акылбекова Алия Бакбергеновнаның бастауымен 2024 жылы, январьдың 16-шы жұлдызында Оқу ағарту министрлігінің «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау: «Мектеп пен отбасының әрекеттесуі» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.
  Семинарға Бостандық ауданы білім бөлімі басшысы, Бостандық ауданы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар және БАҚ өкілдері шақырылды. Семинарда аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен осы бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті.
  Семинардың мақсаты: Еліміздегі отбасылық тәрбие мазмұнындағы ұлттық құндылықтар мәселесін өмірде қолданудың мәні мен маңызын ашу, өмірлік жағдаяттарды шешудің ұлттық ерекшеліктерін қарастыру және оны көпшілік пікірлерімен пайымдау. Оқу ағарту министрлігінің «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстармен тәжірибе алмасу.
https://www.instagram.com/reel/C2PKGreihoN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C2PLtG-i6LP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: