«Central Asia FIRST Championship 2023» робототехникадан Халықаралық жарысының ІІ орын жеңімпаздары » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих
» » » «Central Asia FIRST Championship 2023» робототехникадан Халықаралық жарысының ІІ орын жеңімпаздары

03
март
2023

«Central Asia FIRST Championship 2023» робототехникадан Халықаралық жарысының ІІ орын жеңімпаздары

   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «USTEM Robotics» -Қазақстан және Орта Азия Робототехника дамыту» қоғамдық қоры STEM білім беруді дамытудың жол картасы аясында «Central Asia FIRST Championship 2023» робототехникадан Халықаралық жарысының (FIRST жарысы) республикалық кезеңі 2023 жылдың 24 – 26 февраль аралығында Астана қаласы «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында» өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты - STEM дағдыларды, цифрлық технологиялар ғылымдарын тарату және танымал ету, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-техникаға қызығушылығын арттыру.
FIRST жарысына 80 нен аса команда 1500-ден аса оқушы қатысып, бақ сынады. Биылғы июнь Энергия тақырыбына арналған. Бұл жарыста қатысушылар роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан басқа, инновациялық жобамен айналысты.
Республикалық жарыста еліміздің үздік командаларымен бірге жарысқа түсіп, мектебіміздің @infinity командасы ІІ орынды иеленіп, Үндістанда өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды.
Команда мақтаныштары:
⭐️10 “Ә” —Сыздықбай Даниал Нұрланұлы
⭐️9 “Ә”—Габитұлы Асылбек
⭐️9 “А”—Тәжібай Алтынбек Нұрланұлы
⭐️ 10 “Ә”—Медғат Мерас Медеуұлы
⭐️ 9 “Ә”—-Ереншин Алишер Эльдарович
⭐️ 6 “Ә”—- Оразай Арнур Еркінұлы

⭐️ 9 “А”—- Саурикова Мерей Қайратановна
⭐️ 9 “Б”—- Шарап Аймерей Жәнібекқызы
Жеңіспен оралған шәкірттерімізге шетелде ел намысын қорғауда сәттілік тілейміз!
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: