Мектепішілік "жыл мұғалімі" байқауы » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих

16
март
2021

Мектепішілік "жыл мұғалімі" байқауы

    Алматы қаласының педагогтарына жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерін беру тәртібіне сәйкес « Жыл мұғалімі» құрметті атағын беру бойынша мектепішілік конкурс ұйымдастырылды. Конкурс Ережесіне сәйкес талаптарға сай келетін Школа-гимназия №81ның Берденова К.А., Ибрайемова Л.Ж., Акпаева И.М., Садыкова А.Р. сынды үздік ұстаздар қатысты.
    Конкурстың негізгі міндеттері: мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, педагогтік шеберлігін танытуына жағдай туғызу; жас ұрпақтың бойында ұлттық рухани кодтың қалыптасуын, ұлттық бірегейліктің сақталуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әлеуеті жоғары педагогикалық тәжірибені зерделеу; оқушының санасы айқын, бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастыратын инновациялық тәжірибені анықтау; оқушы бойында сындарлы ойды, функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын озық тәжірибені насихаттау; бәсекеге қабілетті, тәжірибелі және табысты мұғалім мәртебесін көтеру.
    Мектепішілк конкурс төмендегідей 4 тур бойынша өтті:
1 тур (іріктеу) – пән бойынша олимпиада, мұғалімнің портфолиосын зерделеу.
Бағалау критерийі: оқытатын пәніне байланысты теориялық дайындығы мен мұғалімнің кәсіби жетістіктері.
2 тур – (іріктеу) «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым ұзақтығы – 10 минуттан артық емес.
3 тур – «Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде өткізілетін сабағы. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Конкурсқа қатысушы сабақты басқа мектептің оқушыларымен өткізеді. Сабақтан кейін конкурсқа қатысушы өз сабағына талдау жүргізеді.
4 тур – «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында басқа мектептің оқушыларымен тәрбие сағатын өткізу. Тәрбие сағатының ұзақтығы – 30-40 минут. Соңынан конкурсқа қатысушы тәрбие сағатына талдау жүргізеді.
Гран-При – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Берденова К.А.;
I орын – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садыкова А.Р.
II орын - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акпаева И.М.
III орын – тарих пәні мұғалімі Тулеубаева Н.Д.
  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: