"Оқыту әдістемесі мен педагогика" қашықтық олимпиадасының жеңімпазы » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих
» » » "Оқыту әдістемесі мен педагогика" қашықтық олимпиадасының жеңімпазы

17
декабрь
2020

"Оқыту әдістемесі мен педагогика" қашықтық олимпиадасының жеңімпазы

   "Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек",-деп Әл-Фараби айтқандай мектебіміздің ержүрек жас мамандары да аз емес. Жас мамандар қатарынан суырылып алға шыққандардың бірі жаратылыстану, география пәндерінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, докторант Амангелді Өзерке қазіргі таңда өз тәжірибесін шыңдап әртүрлі вебинарларлар мен байқауларға қатысып жеңімпаз атануда.Соның бірі Республикалық www.sabag.kz әдістемелік-танымдық сайты ұйымдастырған "Оқыту әдістемесі мен педагогика" қашықтық олимпиадасында біліктілік танытып жеңімпаз атанып І дәрежелі дипломды жеңіп алды. Өзерке апайымызға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: