«Құтқарушыларға мың алғыс!» атты челендж » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих

13
сентябрь
2024

«Құтқарушыларға мың алғыс!» атты челендж

Бүгінгі таңда құтқарушы мамандығы – ең құрметті , маңызды әрі қажетті, сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Құтқарушылар сағат сайын қиындыққа тап болған адамдарға көмекке асығады, олардың мүлкінің сақталуы мен өмірі үшін күреседі.
ҚР Оқу ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы 2024 жылғы 2 сентябрьтен 15 октябрьға дейін Қазақстан Құтқарушылар күніне арналған мектеп оқушылары «Құтқарушыларға мың алғыс!» атты челенджіне қатысуға шақырамыз!

Осы мақсатта 7- сынып оқушылары сынып жетекшісі Ж.Омарова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Усенованың ұйымдастыруымен Бостандық ауданы өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасап, батыл, ержүрек құтқарушылардың қызметтерімен танысып, “Алғыстарын” білдіріп қайтты.

Мақсаты: оқушыларға құтқарушылардың қызметінің қиындығы мен ерекшелігімен таныстыру, адал еңбекті бағалай да құрметтей білуге тәрбиелеу.

Школьникам қызықты экскурсия жасап, өрт сөндіру қызметін кеңінен таныстырып, уақыттарын бізге арнағаны үшін Бостандық ауданы өрт сөндіру бөлімі қызметкердеріне шексіз алғыс білдіреміз! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: