29
октябрь
2021
«Қыздарға әсемдік жарасады!» тақырыбындағы әңгіме – сұхбат
27.11.2021 күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жоламанова сынып жетекшілерінің қатысуымен 8-а сыныбының қыз балаларымен «Қыздарға әсемдік жарасады!» тақырыбында әңгіме – сұхбат ұйымдастырылды. Қыз балалардың шығармашылығы туралы әңгіме қозғалды. Алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланды.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан жақсы қасиеттер-нұр болып төгіледі.
Үшінші кезең тоғызыншы - он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.