14
май
2021
"Назар аудар, балалар!" тақырыбында өткен дәріс
Школа-гимназия №81сында кесте бойынша 1-10 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарылары Бостандық ауданы АПБ ЮПБ ЖПҚБ аға инспекторы, полиция-майоры Абишева Лаура Болатжановнаның қатысуымен жолда жүру қауіпсіздік ережесі бойынша «Назар аудар, балалар!» тақырыбында қашықтықтан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәріс барысында сынып жетекшілері өз тарапынан оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау және алдын алу бойынша ақыл-кеңестерін берді. Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар арасында жол-көлік апатының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтау шараларын ұйымдастыру.