"Көгентүп" деген не? 4 "А сынып оқушысы Мирас Кәусар » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » "Көгентүп" деген не? 4 "А сынып оқушысы Мирас Кәусар

23
март
2021

"Көгентүп" деген не? 4 "А сынып оқушысы Мирас Кәусар

    ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ - КӨКТЕМ ШАҚЫРАДЫ".Көктемгі демалыс
    ЖОРАЛҒЫ КҮНІ. Көпмәдениетті, көркем-эстеткалық тәрбие
    "Ата салтым-алтын қазынам". "Көгентүп" деген не? 4 "А сынып оқушысы Мирас Кәусар Сынып жетекшісі: Тажибаева З.Е.
    Қолға ұстауға жарап қалған сәбиінің бірінші рет қонаққа барғанына да дәл біздің қазақтай мән беріп қуанатын халық жоқ шығар. Баланы көтеріп жақын ағайын-туыстың, құда-жегжаттың үйіне барғанда көңіл жетер жақын адамдары «бірінші рет үйге келді» деп «көгентүп» беретін болған. «Көгентүп» дегеніміз – балаға берілетін қозы-лақ, бұзау немесе құлын. «Көген» деп төлдің мойнына байлайтын жіпті айтады, яғни «көгентүп» – балаға «көгеннің түбі болсын», «алғашқы малы болсын» деген ниетпен берілетін малдың төлі. Мұның өзі – келген жақтың қозы-лағының жоқтығынан емес, баланың бірінші рет қонаққа келгенін ескеру, оның алғашқы қадамына «өмірі берекелі болсын», «малды болып жүрсін» деп ниет білдіру. Бір жағынан, ағайын-туыс арасындағы татулық пен сыйластықты одан әрі қоюлата түсу, татулықты бекіту. Баласын елеп жатқанды кім жек көрсін?! «Сыйласаң, баланы сыйла, берсең, балаға бер» дейді, өйткені бала – періште. Бала шынайы қуанады. Бала арқылы бір-бірінің көңілін сыйлау жатыр мұның астарында. Қазақ көңілге көп қарайды. «Көңілі қалмасын», «көңілін қалдырма» деп жаавгуст. «Бір атым насыбайдан көңілі қалды» деген де жайдан-жай айтылмайды. Көңіл жақсы жерде арақатынас та бүтін болады. Қазақтың бірлігі көңіл сыйлай білуде жатыр.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: