12 сәуір - дүниежүзілік ғарышкерлер күні » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих

12
сәуір
2021

12 сәуір - дүниежүзілік ғарышкерлер күні

12 сәуір - дүниежүзілік ғарышкерлер күні
    Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Сонау 1961 жылы мектепте оқып жүрген балаң шәкірт парашют үйірмесіне қабылданған. Араға екі жыл салып, Қарағандыдағы ұшқыштар даярлайтын үйірмеге ауысып, машина-трактор станциясында комбайншының көмекшісі болып жұмыс істеген.
    1969–1975 жылдары Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары болған.
    Тоқтар Оңғарбайұлы 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет жерге қонбай, әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.
    1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 октябрьда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
    Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша 45 жасында ғарышкер атанды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: