Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

14
ақпан
2023

«Алматы құрылыс-техникалық колледжіне” саяхат

   2023 жылдың, 14 ақпан күні, №81 мектеп-гимназия мен «Алматы құрылыс-техникалық колледжі” КМҚК серіктестігі негізінде мектеп директоры Нұрғали Асанұлының ұйымдастыруымен 9 “А”, “Ә”, “Б” сынып оқушылары кәсіби бағдар алу мақсатында колледжге саяхат жасап, практикалық сабақтарға қатысты. “Мамандық таңдау - маңызды іс” тақырыбындағы кәсіби бағдар беру жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
  Мақсаты: Кәсіби бағдар беру, кәсіптік білімге қызығушылықтарын арттыру.
Кәсіби бағдар беруде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары:Альпенова Д.М, сынып жетекшілер:Берденова К.А, Шойтымова А.Ө, Амангелді Е.А. қатысты.
“Алматы құрылыс-техникалық колледжі” әкімшілігі мен ұжымына алғыс білдіреміз.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: