Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Сыныптағы жаңа оқушы" тақырыбындағы ашық сынып сағаты. Сынып жетекшісі: Садыкова Алия

16
ақпан
2021

"Сыныптағы жаңа оқушы" тақырыбындағы ашық сынып сағаты. Сынып жетекшісі: Садыкова Алия

      6.02.2021 күні 5 "Ә" сыныбында "Сыныптағы жаңа оқушы" тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі:Садыкова Алия. 
   Жаңадан келген оқушының ұжымға үйреніп кетуіндегі сынып жетекшінің ролі. Бала жаңа сыныпқа келгенде, ол бейімделудің бірнеше кезеңінен өтеді. Жаңа оқушының келуі – қашанда сынып үшін, ең алдымен жаңа оқушының өзі үшін үлкен оқиға. Оқушылар алдымен оған алыстан көз салып, айналып өтіп жүреді, содан кейін бірнеше бала оған жақындап барып, тілге келеді, содан кейін ол бала туралы жалпы ұжымдық пікір қалыптасады. Нәтижесінде, жаңа оқушыны сынып не аластайды, немесе ол ұжымға «кірігіп кетеді». Жаңа ұжымға кірігіп кету оның жеке басының қасиеттеріне, оның достық пейіліне, сондай-ақ сынып жетекшісінің көмегіне байланысты болады. Жаңа оқушының бейтаныс ұжымға бейімделуіндегі сынып жетекшісінің рөлі аса зор. Сынып ұжымы жаңа оқушыны жақынырақ танып білуі үшін сынып жетекшісі оқушылармен әңгіме өткізеді, сондай-ақ жаңа оқушымен де жеке әңгімелесіп, оған балалардың өзара қарым-қатынастары, сыныпта болып жататын проблемалар, т. б. жайлы айтып береді. Қандай да бір проблема туа қалса өзінен кеңес сұрауын, бұл жағдайда екеуара сөз ешкімге жария болмайтынын жеткізеді. Сынып жетекшісі жаңа оқушыны сабақты дұрыс оқуға, сыныптастарымен достық қатынаста болуға бағыттап, сыныптағы кез келген проблеманың шешімі болатындығына көзін жеткізуі керек.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: