28
қаңтар
2021
"Шебер қолдар" үйірмесінің жарты жылдық жұмыс нәтижесі. Жетекшісі: Тойлыбаева А.Т.
Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде көркем еңбек сабақтарында, үйірме сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау ету өте қажет дүниенің бірі саналады. Мектептегі көркем еңбек сабағында шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды өнерге баулу адамзат қоғамында жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді. Жас ұрпақты жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.
Бүгінгі дәуірде оқушы қиялына қозғау салып, қанат бітіру, ой-өрісін дамыту, білім берудің алғы шарты болып отыр. Өйткені қиялы қарыштамаған адамның білімді еркін меңгеруі мүмкін емес. Заман талабына сай мектепте оқушыны сәндік қолданбалы қолөнерге, көнеден келе жатқан қолөнерге үйрету, сонымен қатар өмірдегі өз қажеттілігін қанағаттандыра білуге үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселелердің бірі екендігі анық.
№81 мектеп-гимназияның 5-6 сынып оқушыларының 2020-2021 оқу жылының жарты жылдығы бойынша жасаған жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз.