Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ. "Зиянды әдеттерден сақ бол!"

22
қараша
2022

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ. "Зиянды әдеттерден сақ бол!"

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
22.11.2022 күні, 6 "А", 6 "Ә", 6 "Б", 7 "А", 7 "Ә", 7 "Б" сынып қызбалаларына "Зиянды әдеттерден сақ бол!" тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Жиналыста қазіргі жасөспірімдер арасында қызығушылық пен сәнге айналған "Электронды темекінің адам ағзасы мен тәрбиесіне кері әсері" төңірегінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Жоламанова, А.Усенова қыздармен әңгіме жүргізді.
🔰Мақсаты:Электронды темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін, қызбалалардың болашағына қауіптілігін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, саналы түрде өздерін зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға түсінік қалыптастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
🔰 Сонымен қатар, қоғамдық жетекші, наркопост жетекшісі, химия пәні мұғалімі -М.Жетесова электронды темекінің қүюұрамындағы зиянды химикаттар туралы, ағзаны улайтын зияндылығы туралы түсіндіріп, арнайы бейнематериал көрсетті.
🔰 Қыздармен кері байланыс жүргізіліп, ой түйіндері мен пікірлері тыңдалды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: