21
қазан
2022
«Samal. Керемет су СКЕ» бөтелкедегі су шығару зауытына саяхат

21.10.2022 күні 8 «А» сынып оқушылары «Samal. Керемет су СКЕ» бөтелкедегі су шығару зауытына саяхатқа барып қайтты. Ғылыми қызметкерлер оқушыларға «Самал» суының құбыр суынан қандай айырмашылығы бар екенін тәжірибе арқылы көрсетті. Содан кейін оқушыларға халат пен құлаққап киіп зауыт аумағына саяхаттауға ұсыныс жасалды. Балалар су алатын скважинаны, суды тазалау және фильтрлеу залын, суды бөтелкеге құю цехын, судың сапасын бақылау зертханасын көрді. Зауыт аумағында классикалық әуен ойнап тұрғаны ерекше әсер қалдырды. Экскурсия жүргізушісі әуен суды жағымды энергиямен қуаттандырады деп түсіндірді. Су адамға өте қажет¸ судың сапасы адамның және басқа тірі ағзалардың денсаулығы мен өмірінде маңызды рөл атқарады. «Керемет Су СКЕ» зауытында 2009 жылдан бері Samal суы өндіріледі. Оқушылар судың тазалығын зерттеп, оның бұлақтан қалай алынып, шараларға қалай өндірілетінін бақылап қайтты. Зауыттағы экскурсия соңында оқушыларға «Керемет су» компаниясы атынан сыйлық берілді. 8 «а» сынып жетекшісі Н.Сикымбекова экскурсияны ұйымдастырып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жоламанова оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесін сақтау мен денсаулығын бақылап бірге барып қайтты.