Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" Жанұзақ Асияның анасымен бірге асханада дәмді тағамдар әзірлеу сәті

22
наурыз
2021

"Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" Жанұзақ Асияның анасымен бірге асханада дәмді тағамдар әзірлеу сәті

    ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ -КӨКТЕМ ШАҚЫРАДЫ. Көктемгі демалыс. Ұлттық тағамдар күні. Отбасылық тәрбие.
"Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" - деп, дана халқымыз бекер айтпаған. 1 "Ә" сынып оқушысы Жанұзақ Асия көктемгі демалыс кезінде анасымен бірге асханада дәмді тағамдар әзірлеуі. Сынып жетекшісі: Ибрайемова Л.Ж.
    Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке - шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте - бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата - ананың беделін түсіреді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: