Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбында әр сыныпта өткен «Адалдық сағаты»

09
ақпан
2021

"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбында әр сыныпта өткен «Адалдық сағаты»

   №81 мектеп-гимназиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті. Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды.М.Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды.
   «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деген Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: