Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

23
қаңтар
2023

«FIRST Championship» атты жарыс

  Астанада жас инжернерлерге арналған «FIRST Championship» атты жарыс өтті. Оған еліміздің Солтүстік аймақтарынан 400-ден аса оқушы қатысты. Тақырып – энергия көзі. Жарысқа мектебіміздің @infinity_ftc @shuaq_ftc робототехника командалары қатысып, чемпион атанды. Чемпион шәкірттерімізді құттықтаймыз. Алдағы уақытта елімізді әлемдік деңгейде танытады деп сенім білдіреміз. Жарайсыздар, тек қана алға!
Біз сіздермен мақтанамыз!
Жетекшісі, роботехника үйірме жетекшісі: Аманов Б.О.

Команданың белді мүшесі мектебіміздің 9”Ә” сынып оқушысы Шамшадин Айханымның телеарнаға берген сұхбатынан бейнематериалы.

🎤🎤🎤🎤🎤🎤🎤
Менің ойымша, біздің болашағымыздың барлығы робототехникада. Және қазіргі уақытта бәрі автомизация болып жатыр. Адамның орнына роботтар келіп жатыр. Және көптеген заттарды, жұмысты роботтар жасайды. Мен осы салаға келгенім дамып, стемп сферасында дамығым келген.
Тілші сөзі:
Бұл балалардың ой-өрісі өзгерек. Тап суретші немесе ақын сияқты қиялға беріледі. Бірақ, сол қиялдарын біліммен, формуламен дәлелдеп, іске асырады. Олардың бүгінгі кішкентай идеясы болашақта үлкен инновациялық жобаға да айналуы мүмкін. Өйткені біздің балдалардың деңгейін қазір әлем біледі.
Биылғы тақырып – энергия. Яғни энергия көзін табу, оны үнемдеу деген сияқты жаһандық сұрақтарға оқушылар жауап іздеуде. Ең озық жоба дүниежүзілік додаға кетеді. АҚШ-та өтетін жарысқа 160 ел қатысады. Тағы да олжалы боламыз деген болжам бар. Қалай дегенмен инженерліктің иірімдерін енді игеріп жатқан бұл балалардың роботы сынса да, сағы сынбасын.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: