Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ашу ызаға қалай қарсы тұруға болады" және "Дау-жанжалды қалай шешуге болады" Пайдалы кеңес.

16
ақпан
2021

"Ашу ызаға қалай қарсы тұруға болады" және "Дау-жанжалды қалай шешуге болады" Пайдалы кеңес.

   Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі.
Ашу мен ыза біз қалаған нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Сонда да оны дер кезінде тоқтату әркімнің қолынан келе бермейді.
Адамның ашуын келтіретін жағдайларға тап болған кезде қалай сабыр сақтауға болады?
   1.Тыныс алу.
Бұл барлық адамның қолынан келеді. «Ашу дұшпан - ақыл дос» дегендей, дұшпаныңызды жеңуді қалайсыз ба? Ендеше, терең тыныс алыңыз. Қаныңыз басыңызға теуіп, «қайнап» келе жатқан алғашқы минутта осы әдісті есіңізде ұстаңыз. Болған жағдайды жеңіл қабылдауға, барлығының да өткінші екеніне өзіңізді сендіре біліңіз.
   2. Өзіне сенімсіз, үмітсіз ойдың орнына бойыңызға сенімділікті ұялатып, нашар ойды керісінше алмастырып көріңіз. Мәселен, «қолымнан ештеңе келмейді, мен басқалар сияқты істей алмаймын» деген ойыңызды «бұл іс менің ызамды келтірді, бірақ, ашулану дәл қазір маған пайда әкелмейді. Керісінше, істі одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін» деп ойласаңыз, өн бойыңызбен көтеріліп келе жатқан қызу қаныңыз сабасына түседі. Тыныштандырушы терең дем алу техникасын меңгерген болсаңыз, сан-саққа жүгірген ойыңызды бір бағытқа топтап алуға мүмкіндік бар.
   3. Жазыңыз. Пікіріңізді өзгерту мен агрессияны «бостандыққа шығарудың» ең жақсы тәсілдерінің бірі - жазу. Мүмкін дәл сол кезде, яғни, ашу-ыза бойыңызды кернеген кезде, жазуға қолыңыз бармас, дегенмен, не болып жатқанын, не істеп жатқаныңызды қағазға түсіруді әдетке айналдырсаңыз, сізге көмектесетінін аңғарасыз? Бүкіл ашу-ызаңызды, жаман ойыңызды - барлығын ақ қағазға түсіріп, жеңілдегеніңізді байқайсыз. Егер қаласаңыз, сол қағазды жыртып тастаңыз немесе өртеп жіберіңіз. Ашуыңыз сол кезде-ақ тарқайды. Ашуды бойыңызға ұзақ уақыт бойы жинамай, дер кезінде құтылыңыз!
   4. Өзіңізге кішкене уақыт беріңіз. «Ашу келгенде, ақыл шығып кетеді» деген сөз бар. Өзіңізді барынша қолға алып, ашудың сізді қоршап алуына жол бермеңіз. Егер жағдайды барынша терең түсініп алу үшін біраз уақыт жұмсасаңыз, нәтижені сезінесіз.
   5. Езуіңізге күлкі үйіретін сәттерді еске түсіріңіз. Ашуланып тұрған адам әзілді қайдан ойласын? Көкейіңізге бірінші келген сұрақ осы шығар? Алайда, дәл сол сәттің өзінде тым құрығанда балалық шағыңыздағы
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: